"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРШАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАЛТЫРКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ"КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА ЖАЛТЫРКОЛЬ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АРШАЛЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

02.12.2020

Сіздерді мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймыз!
Бұл күні, 1991 жылы, алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев ел президенті болып жарияланды.
Мемлекет басшысы-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қарқынды әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы бар мемлекеттің бірегей үлгісін жасаған, бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін бар күш-жігерін, талантын берген, қазіргі заманның аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері. Сондықтан оның стратегиялық ойлауы мен көреген саясаты әлемдік көшбасшыларды тәнті етіп, адамдардың шынайы құрметіне бөленіп, қазақстандықтарға қоғамның дамуындағы ондаған жылдарға басымдықтарды айқындауға мүмкіндік беретіні әбден орынды.
Сіздерді осы айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Әрбір отбасына шын жүректен зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық, егемен мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін еңбекте табыс тілейміз!

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст